Бір бітімгер қаза тапты: Конгода БҰҰ миссиясының тікұшағы атқыланды
Елдің ресми билігі де, Біріккен ұлттар ұйымының миссиясы да шабуылға кім жауапты екенінен хабарсыз

Белгісіз адамдар Конго демократиялық республикасының шығысында (DCR) БҰҰ миссиясының тікұшағын атқылады. Бір бітімгер қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy korrespondent.net-ке сілтеме жасап.
Бени қаласынан ұшып шыққан тікұшақ атқыланған. Оның барысында ұшқыш жарақат алды. Бірақ, ол ұшуды жалғастырып, Гома провинциясы астанасының әуежайына қонған.
Agence France-Presse мәліметтері бойынша қайтыс болған бітімгер Оңтүстік Африканың азаматы болған.
Естеріңізге сала кетейік, ДРК-дағы қазіргі миссия 2010 жылдың 1 шілдесінде Конго ДРК-да жұмысын бастады. Оның мандаты Конго Үкіметінің көтерілісшілердің зорлық-зомбылығынан зардап шеккен аймақты тұрақтандыруды қамтиды.
Айта кетейік, Уганда Конгоға 1998-2003 жылдардағы оккупация және жергілікті тұрғындардың өлімі үшін өтемақы ретінде 325 миллион доллар төлеуге міндеттелді. Тиісті шешімді Халықаралық сот - БҰҰ Бас сот органы қабылдады.