$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Аң деп ойлап адам атқан»: СҚО-да атышулы қылмысқа қатысты сот үкімі шықты

Қанды оқиға өткен жылдың 11 шілдесінде болған еді

«Аң деп ойлап адам атқан»: СҚО-да атышулы қылмысқа қатысты сот үкімі шықты
Фото ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстанда жидек теруге барған әйелді атқан аңшыға қатысты сот үкімі шықты. Сот Сергей Лосеняны 3 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, қанды оқиға өткен жылы 11 шілде күні болған еді. Далада жалғыз өзі жидек теріп жүрген әйелді аңшылар елік деп ойлап қалған. Мылтықтан атылған оқ Алтынай Мұздақбаеваның оң жақ иығына тиген. Көп қан жоғалтқан ол аудандық аурханаға бара жатқанда көз жұмған. Аталған іс бойынша басты күдікті ретінде станция тұрғыны, зейнеткер Сергей Лосеня тіркелді. Ол бар кінәні бірден өз мойнына алған. Шілде айында ол тергеу изоляторына қамалып, бүгін сот үкімі шықты.

Мамлют аудандық сотының мәліметінше, ведомство қылмыстық істі ҚК 104-бабының 1-бөлігі, 287-бөлігі 3-бөлігі, яғни абайсызда өлтіру және атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, алып жүру бойынша қараған. Ер адам оптикалық көздеуіші бар иір ойықты спорттық-аңшылық қаруды және 5,6 мм калибрлі патрондарды заңсыз сатып алып, үйінде сақтап келген.

Сотталушының кінәсін куәгерлер де растады, жиналған материалдар арқылы да толық дәлелденді. Прокурор ер адамды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Зардап шегуші тарап та бұл жазамен келісті. Лосеня 3 жылға бас бостандығынан айрылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде атқарады. Сондай-ақ, зардап шеккен тарапқа 3 млн теңге моральдық шығынның орнын толтырды.

Соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сотталушылар қатарында ауылдың учаскелік инспекторы Қабай Әлтеев те бар. Ол қамауда отыр. Учаскелік инспекторға қатысты сот отырысы кейін өтеді. Қылмыс жасалған қару әлі күнге табылған жоқ.

Серіктес жаңалықтары