$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.01.2023, 13:47
Оқиғалар

«Криптовалютадан қаржы өндіріп берем»: Таразда 49 жастағы алаяқ әйел ұсталды

Қазіргі уақытта күдіктінің осы тектес өзге де алаяқтық деректеріне қатыстылығы анықталып жатыр

«Криптовалютадан қаржы өндіріп берем»: Таразда 49 жастағы алаяқ әйел ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Таразда бейтаныс әйелді криптовалютадан қаржы өндіріп берем деп алдап кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

Осы жылдың 28 қаңтарында Тараз қаласы Полиция басқармасына 45 жастағы Т. Рысқұлов ауданының тұрғыны хабарласып, 2022 жылдың көктемінде бөтен әйелдің криптовалюта қоржыны арқылы қомақты қаржы табуға көмектесем деп алдап, 645 000 теңге көлемінде ақшасын иемденіп кеткені туралы арызданды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар Тараз қаласының 49 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта күдіктінің осы мазмұндағы өзге де алаяқтық деректеріне қатыстылығы анықталып жатыр.

Жамбыл облысы Полиция департаменті криптовалюта пирамидаларынан сақ болуды ескертеді. Егер, Сіз, жалған биржаның құрбаны болғаныңызды түсінсеңіз, тез арада жергілікті полиция бөліміне хабар беріңіз. Сондай-ақ, сіз қаржы пирамидалары туралы «Fingramota Online» мобильді қосымшасы арқылы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне хабарлай аласыз.

Серіктес жаңалықтары