19.01.2023, 11:20
Оқиғалар
Павлодарда жол апатынан жүргізуші қаза тапты
Қайғылы оқиға 18 қаңтарда болған
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Павлодарда жол-көлік апатынан жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаменінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 18 қаңтарда болған.
«Сағат 19.00 шамасында Kia көлігінің 53 жастағы жүргізушісі Орталық өнеркәсіп аймағы көшесіндегі ғимаратқа қарама-қарсы жерде рөлді басқара алмай, трамвайлардың байланыс желісінің тірегіне соқтығысқан. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.
Аталған факт бойынша тексеру жүргізіледі, сараптама тағайындалады.
Апатқа ұшыраған көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.
Көп оқылған
20.09.2026, 15:13
21 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
20.09.2026, 08:43
Астанада 14 қабатты тұрғын үй кешенінде түнде өрт шықты (ВИДЕО)
20.09.2026, 13:23
Талдықорғандағы жаппай төбелес: полиция қылмыстық іс қозғады
20.09.2026, 14:40
Алматыда полициядан қашпақ болған күдіктіден 500 миллион теңгенің есірткісі тәркіленді (ВИДЕО)
20.09.2026, 06:28
АҚШ пен Дания Гренландия бойынша келісімге келді
Бүгін, 01:44
Қазақстанда бір тәулікте екі орман өрті тіркелді