$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СІМ Италияда қаза тапқан студент туралы қаралы хабарды растады

27 жастағы Әсем Жарбосынды көлік қағып кеткен 

СІМ Италияда қаза тапқан студент туралы қаралы хабарды растады
Фото ашық дереккөзден

Италияның Салерно қаласында қазақстандық студент қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай 17 қаңтарда кешке болды. Қазақстандық 27 жастағы Әсем Жарбосын жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан кезде оны Peugeot 308 көлігін тізгіндеген Меркато Сан-Севериноның 20 жастағы тұрғыны қағып кеткен. Апат Станислао Листа көшесінде Джузеппе Верди опера театрының жанында болды. Әсем Жарбосын Салерно университетінің докторантурасының студенті болған.

L ' occhio di Salerno италиялық басылымының Twitter-дегі хабарламасы бойынша, көлікті басқарған 20 жастағы ер адам дереу тоқтап, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметін шақырған. Алайда, мамандар қыздың ажал құшқанын мәлімдеген. Кейінірек жас жігіт алкогольге тест тапсырып, ол теріс нәтиже көрсеткен.

Жол-көлік оқиғасын тергеумен полиция қызметкерлері айналысып жатыр. Оқиға орны дереу қоршауға алынып, Станислао Листа көшесі автомобиль және жаяу жүргіншілер қозғалысы үшін уақытша жабылды.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Azattyq ruhy-на қайғылы жағдайды растады. Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ведомство өкілдері марқұмның туыстарымен байланыста, қазір оның денесін Қазақстанға әкелу үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары