$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.01.2023, 10:17
Оқиғалар

Кентау тұрғынынан қару-жарақ пен жарылғыш заттар тәркіленді

Сот-криминалистикалық және баллистикалық сараптамасы тағайындалды

Кентау тұрғынынан қару-жарақ пен жарылғыш заттар тәркіленді

Түркістан облысының полицейлері көлік жөндеу орталығының жұмысшысынан қару-жарақ пен жарылғыш заттар тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері жұмыс орнында атыс қарулары, оқ-дәрілер, жарылғыш заттар сақтаған тұрғынды анықтады.   

«Нақтырақ айтсақ, полицейлермен жүйелі жүргізілген іздестіру нәтижесінде күдікті ретінде Кентау қаласындағы көлік жөндеу орнында жұмыс істейтін жергілікті тұрғын анықталды. Ер адамнан Лидер ТТ травматикалық тапанша мен бес патрон табылды. Әрі қарай тінту шаралары оның жұмыс орнында, яғни көлік жөндеу орталығында жүргізілді. Жедел уәкілдер 12 калибрлі тегіс ұңғылы екі аңшы мылтығын, әрқайсысының салмағы 0,5 келі болатын 3 пакет түтінді ұнтақ, Байкал-Күзетші травматикалық тапаншасы, бір граната, 35 оқ-дәрі мен бір жарылыс қорапша тәркіленді.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп атап өтті Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.

Сот-криминалистикалық және баллистикалық сараптама тағайындалды. Күдікті қамауға алынды. Тәртіп сақшылары кентаулық тұрғын осыншама қару-жарақты не мақсатпен сақтап жүргенін анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары