12.01.2023, 17:34
Оқиғалар
СҚО-да жоғалып кеткен балықшының мәйіті табылды
Алдын ала болжам бойынша балықшы қатты аязда үсіп қалған
Фото: sputnik.kz
Солтүстік Қазақстанда 6 қаңтар күні балықшы жоғалып кеткен болатын. 5 күн бойы іздестіру шараларын жүргізген құтқарушылар Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылынан 3 шақырым қашықтықта оның мәйітін тауып алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Естеріңізге сала кетсек, Болат Аниевтің үйіне оралмағанын полицияға анасы хабарлаған. Жоғалған жігіт Ғабит Мүсірепов ауданының орталығында тұрған. Ол 6 қаңтар күні күні достарымен бірге Шал ақын ауданындағы Ступинка елді мекенінің маңығдағы көлге барған. Кейін достарынан бөлек кеткен. Алдын ала болжам бойынша балықшы қатты аязда үсіп қалған. Сол күні марқұммен бірге көлге барған 2 досы тергеліп жатыр.

Көп оқылған
26.11.2026, 11:04
«Жейдесінің сау тамтығы қалмаған»: Атырауда әйелін 28 жерінен пышақтаған ер адамның сотында сұмдық айғақтар жария болды
26.11.2026, 09:05
Бүгін түнде Алматыда бес адам, соның ішінде бір бала тірідей жанып кетті
26.11.2026, 14:30
«Папам мамама пышақ тықты»: Атырауда әкесі үш жасар қызын бір тәулік бойы мәйіттің жанына жалғыз тастап кеткен
26.11.2026, 06:23
Ақтөбеде ауладағы шуға бола жасөспірімді ұрған ер адам сотталды
