Ақмола облысында жаппай жол-көлік апаты болып, 9 адам зардап шекті
Астана – Петропавл автожолында 9 көлік бір-бірімен соқтығысқан
Ақмола облысындағы тасжолда жаппай жол-көлік апаты болып, 9 адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 8 қаңтарда Астана – Петропавл автожолының 236-шақырымында болып, 9 көлік бір-бірімен соқтығысқан.
«Петропавл қаласының 34 жастағы тұрғыны, ВАЗ 2109 көлігінің жүргізушісі жол-метеорологиялық жағдайларды ескермей, 64 жастағы астаналықтың басқаруындағы Chevrolet Cobalt автокөлігімен және Беларусь Республикасының 38 жастағы тұрғынының басқаруындағы Volvo автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан артынша тағы 6 көлік соқтығысқан. Олардың арасында Renault Sandero, Газель, 2 Toyota Camry, Daimler Chrysler және Toyota Prado көлігі бар.
Көлік апатынан зардап шекккен 19-49 жас аралығындағы 7 жолаушы мен 2 жүргізушісі «Авиценна Бурабай» ЖШС-іне жеткізілді», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда 6 жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша «Көлік құралдарының жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке зиян келтіруге әкеп соққан Жол жүрісі ережелерін бұзуы» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.