06.01.2023, 11:51
Оқиғалар
Қарағандыда ЖШС бухгалтері 25 млн теңгені алаяқтық жолмен қалтасына басқан
46 жастағы күдікті әйел ұсталды
Фото: ашық дереккөзден
Қарағандыда ЖШС бухгалтері 25 млн теңгені алаяқтық жолмен қалтасына басқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағанды қаласының Октябрь полиция бөліміне жылжымайтын мүліктің операцияларымен айналысатын ЖШС-нің бірінің басшылығы жүгінген. Өйткені, компания басшысы мекеменің шотынан 25 млн теңгенің жоғалғанын байқаған.
Осы факті бойынша полицияда ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы ЖШС-ге бухгалтерлік қызмет көрсеткен 46 жастағы күдікті әйелді ұстады. Ол ЖШС басшылығының сенімінге кіріп, алаяқтыққа барғанын мойындады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді