$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.02.2020, 11:07
Оқиғалар

Алматы облысындағы Жоламан ауылын су шайып кетті

Ауыл әкімдігі тек 1 тәуліктен кейін ғана трактор жіберген

Ауыл тұрғындарының айтуынша, Жоламаннан жоғары орналасқан көл арнасынан тасып, суы он шақты үйдің ауласын шайып үлгерген деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Жоламан ауылы Кербұлақ ауданына қарайды. Жергілікті тұрғындар қазір қызыл судан өздері қорғанып жатыр. Алайда, үйдің іргесіне дейін келген су бау-бақшаның құнарлы топырағын түгел шайып кетті дейді олар.

«Көл жасанды емес, табиғи көл. Арнасына симаған суы жерді тесіп шығып, ауылға қарай ағып жатыр. Бірнеше үйді шайып үлгерді. Әкімдікке хабарладық. Олар дер кезінде көмектесе алмай отыр. Өзіміз құм тасыдық. Әкім келді, үйлеріңе кірмепті ғой деп кетіп қалды», - деп ашынды Жоламан ауылының тұрғыны.

Арқарлы асуының тұсында орналасқан Жоламан ауылында 2 мыңға жуық тұрғын бар. Ауыл жастарының көбі қалаға кетіп, халықтың денін зейнеткерлер құрайды. Ауыл әкімі арада бір тәулік өткен соң ғана техника жіберіпті. Онда да бір ғана трактор келіп, жарылған жыраны бітеп жатқан көрінеді. Тұрғындардың айтуынша табиғи көлден қауіп әлі толық сейілмеген.

Серіктес жаңалықтары