$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.02.2020, 09:51
Оқиғалар

Қазақ-өзбек шекарасы маңында көлік иелерінен ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Ұсталған күдіктілердің барлығы Түркістан облысының тұрғындары

Түркістан облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ҰҚК қызметкерлерімен бірлесе отырып, Сарыағаш қаласындағы «Қапланбек» шекара маңындағы өткізу бекетінде ұзақ уақыт бойы ТМД жүк тасымалының жүргізушілерінен 15000-нан 50000 теңгеге дейін ақша бопсалаған «Сарыағаш» қылмыстық тобын ұстады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұйымдасқан қылмыстық топ Өзбекстанға жол жүрген азаматтар ақша беруден бас тартқан жағдайда, оларды қорқытып, жәбірленушілерді ұрып-соғып, көлік әйнегін сындырып, жүк автокөліктерінің дөңгелектерін тесіп кеткен.

Бірлескен іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Жалпы саны 13 күдікті анықталды, ұсталғандардың барлығы Түркістан облысының азаматтары. Қазір аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция қызметкерлері күдіктілердің қылмыстық топтың басқа да осыған ұқсас әрекеттерге қатысы бар-жоғын анықтау үстінде.

Серіктес жаңалықтары