$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.02.2020, 05:01
Оқиғалар

Ақтауда үш азамат құны 50 млн теңгенің есірткісін алып өтпек болған

Есірткі түйірлері ұсталғандардың асқазанынан табылған

Ақтауда үш азамат құны 50 млн теңгенің есірткісін алып өтпек болған
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Ақтау халықаралық әуежайында контрабандалық әрекет ұйымдастырған үш азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қазақстан азаматтарының есірткі тасымалын Иранда ұйымдастырғаны және ұсталғандардың героинді асқазандарына салып өтпек болғаны анықталды.   

«Жедел-тергеу іс-шарасын жүргізудің арқасында ұсталғандардың асқазанынан жалпы салмағы 1 кг (5 000 рет қолданысқа жарамды) болатын, құны 50 млн теңгені құрайтын 302 түйір героин анықталып, тәркіленді», - деп мәлімдеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, «Есірткі немесе психотроптық заттарды және сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» және «Айналымнан шығарылған заттар мен бұйымдарды, немесе айналымға салуға шектеу қойылған заттарды контрабандалық тәсілмен тасымалдау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды  

Ұсталған азаматтар тергеу изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары