$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.02.2020, 10:29
Оқиғалар

Ішкі істер органдарының лауазымды қызметкері оқ-дәрі ұрлаған – ҰҚК

Заңсыз қару-жарақ сатқандарға қатысты сот үкімі шықты

Ішкі істер органдарының лауазымды қызметкері оқ-дәрі ұрлаған – ҰҚК
фото: ҚР ҰҚК

Өткен жылдың маусымында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын жеткізудің заңсыз халықаралық арнасының жолын кесті. Бүгін оларға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.

«Заңсыз айналымнан 3 «Калашников» автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 пистолет, 1700-ден астам патрон мен қарудың керек-жарақтары алынды. Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ішкі істер органдары қызметкерінің қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу фактісі анықталды. Лауазымды адам ҚР ІІМ теңгерімінде тұрған оқ-дәрілерді ұрлауды жүзеге асырған», - делінген хабарламада.

2020 жылғы 27 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айрылды. Сонымен қатар, қару құрастыратын жасырын шеберхананың жұмысы тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары