$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.02.2020, 10:03
Оқиғалар

Қазақстан АҚШ сотын Стати ісін қайта қарауға көндіре алмады

Келтірілген дәлелдер жеткіліксіз болып шықты

Қазақстан АҚШ сотын Стати ісін қайта қарауға көндіре алмады

Қазақстан Колумбия округі (АҚШ) бойынша апелляциялық сотты молдавиялық бизнесмендер Анатол мен Габриель Статидің ісі бойынша сот процесін қайта қарауға әсер ете алмады, деп хабарлайды LS.

Іс кәсіпкерлер тарапынан алаяқтыққа қатысты. Қазақстан оларды рэкет туралы АҚШ заңын бұзды және алдау арқылы елден $506 млн алуды мақсат етіп отыр деп айыптайды. 

«Округтік комиссия Анатол Стати, оның ұлы Габриэль Стати және олардың компаниялары алаяқтық жасады, сондай-ақ құжаттарды негізгі арбитражға беру және өз адвокаттарына төлем жасау арқылы ақшаны жылыстатты деген Қазақстан тарапының уәжі дұрыс емес деп санайды», - делінген мақалада.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы желтоқсанда Қазақстан Бельгияда кезекті сот отырысында жеңіліп қалды. Әділет министрлігі өзінің жеңілісін түсіндіріп, молдавиялық бизнесмендермен әрі қарай күресуге уәде берді. Сондай-ақ, «Стати ісі» бойынша келесі сот процесі 2020 жылы көктемінде өтеді. Ал 2019 жылы 1 наурызда Италия соты Қазақстанды Анатоль мен Габриэл Статиге $500 млн астам сома төлеуге міндеттеді. Сот оларға 136 мың доллар көлеміндегі сот шығындарын өтеп беруді де шешкен.

Серіктес жаңалықтары