Түркияда жер сілкінісінен 7 адам қаза тапты
Қаза болғандар арасында төрт бала бар
Жексенбі күні Түркияның Иранмен шекаралас шығыс бөлігінде болған жер сілкінісінен жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Ирандағы жер сілкінісінен кейін Ван провинциясында біздің жеті азаматымыз қаза тапты. Олардың төртеуі бала, үшеуі ересек адам», – деп мәлімдеді Түркия Ішкі істер министрі Сулейман Сойлу Haber Turk телеарнасының эфирінен.
Сойлудың айтуынша, республиканың бес азаматы жарақат алған, олар ауруханаға жеткізілген.
Магнитудасы 5,7 балл болған жер сілкінісі жексенбі күні Иранның солтүстік-батысында, Түркиямен шекаралас тұста болған. Жерасты дүмпуінің ошағы бес километр тереңдікте болған, эпицентрі Тебриз қаласының батыс жағында 141 шақырым қашықта орналасқан.