ШұғылБір тәулікте 1397 адамнан коронавирус анықталды

Астаналық әйел Жаңаөзен тұрғынының картасынан 4 млн теңге шешіп алған

 

Полицейлер азаматтарға сақ болуды ескертеді

Маңғыстау облысының полицейлері интернет-алаяқтардың жаңа әрекеті туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мысалы, Жаңаөзен тұрғынының атынан екі мекемеден жалпы сомасы 90 мың теңгені құрайтын несие алған жергілікті тұрғын ұсталды.   

Осыған ұқсас оқиға Ақтауда да болған. Әйел адам онлайн-режимде отырып, «Хоум Кредит Банк» АҚ арқылы бөтен азаматтың атынан 1 млн теңге көлемінде несие рәсімдеген.  

Бұдан өзге, антаналық әйел адам алаяқтық жолмен Жаңаөзен тұрғынына тиесілі «Халық Банк» картасынан 4 млн теңге шешіп алған.  

Сондай-ақ, қарағандылық әйел WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы «ақшаңды көбейтіп беремін» деп облыстық орталық тұрғынын алдап, Kaspi.kz қосымшасы арқылы оның бар ақшасын сыпырып алған.   

Нәтижесінде, әйел адамның жеке тұлғасы анықталып, қолға түсті.  

Қазіргі уақытта аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

«Ешкіммен бөліскіңіз келмейтін құпия ақпараттарыңыздың сақталуына, бөтен адамдардың қолына түспеуіне өзіңіз ғана жауапты  болатыныңызды ұмытпаңыз!», – деп ескертеді тәртіп сақшылары.