$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.02.2020, 11:07
Оқиғалар

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 556 адамға жетті

Бір тәулікте тағы 123 адам вирус жұқтырып, 2 адам қайтыс болды

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 556 адамға жетті
© AP Photo / Ahn Young-joon / Оңтүстік Корея, Сеулдегі Сусео бекетінде пойыз вагондарын зарарсыздандырып жатқан сәт

Оңтүстік Кореяда COVID-2019 коронавирусын тағы 123 адамның жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  РИА Новостиге сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Аурулардың алдын алу және бақылау орталығының (KCDC) мәліметінше, Тэгуде тағы 93 адамның, ал Кёнсан-Пукто провинциясында 20 адамның, қалғандары елдің өзге аймақтарында ауру жұқтырғаны анықталды. Төрт науқас көз жұмды, 18 науқас ауруханадан шығарылды, 6 039 адамнан алынған талдау қорытындысы әлі нақтыланбады. 

41 жастағы тұрғын – Оңтүстік Кореяда коронавирустан қайтыс болған үшінші адам ретінде тіркелді. Ал жексенбі күні төртінші құрбан – 57 жастағы ер адам көз жұмды. Ол Чхондо қаласындағы Тэнам округінің ауруханасында ауру жұқтырған екен. Ол ауруханада барлығы 114 адамның коронавирус жұқтырғаны, олардың 9-ы аурухана қызметкерлері екені анықталды. Қазіргі уақытта бұл мекеме вирус таралуының алдын алу үшін карантинге жабылды.   

Ал 75 науқас Тэгудегі Синчхончжи діни қозғалысының шіркеуінде ауру жұқтырған. 

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 61 жастағы әйел Қытайға ешқашан барып көрмесе де, уақытылы тесттен өтуден бас тартқан, алайда вирус жұқтырып үлгергенін сезбеген ол Синчхончжи шіркеуіне барып, келушілер арасына ауру таратып кеткен.   

Рёнхап агенттігінің жазуынша, Синчхончжи сектасының адамдары коронавирустың таралуын жылдамдатып жіберуі мүмкін, себебі, діни рәсім қатысушылары бір-біріне жақын отырып, бірін-бірі құшақтап, ән салуы тиіс екен.

Жергілікті билік қазіргі уақытта аймақтағы 4,5 мың дін қызметкерінен ауру белгілерін анықтау үстінде.   

Серіктес жаңалықтары