$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.12.2022, 16:37
Оқиғалар

Ақтөбе облысында жасөспірімді көлік қағып мерт қылды

Қайғылы оқиға 19 желтоқсанда Мәртөк ауылы маңында болған

Ақтөбе облысында жасөспірімді көлік қағып мерт қылды
Фото: Azattyq Ruhy

Ақтөбе облысында соңғы екі күнде кәмелетке толмағандарға қатысты 4 жол-көлік апаты болып, бір бала көз жұмды. Сондай-ақ 4 бала жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 19 желтоқсанда Мәртөк ауылы маңында болған.

«Ақтөбеден келе жатқан Mitsubishi Lancer көлігінің 29 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілерге тыйым салынған тұстан өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып кеткен. 13 жастағы жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі кезде жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі «Көлік құралын басқаратын адамның адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
 

Серіктес жаңалықтары