$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.12.2022, 14:31
Оқиғалар

Аргентинаның әлем чемпионатындағы жеңісін тойлау кезінде екі адам қаза тапты

Қайғылы оқиғадан зардап шеккен тағы бір бала ауыр хәлде жатыр

Аргентинаның әлем чемпионатындағы жеңісін тойлау кезінде екі адам қаза тапты
Фото: ашық дереккөзден

Аргентина құрамасының әлем чемпионатындағы жеңісін тойлау кезінде екі адам қаза тауып, бір бала қатты жараланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy әлемдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Бірінші оқыс оқиға кезінде Буэнос-Айрес қаласының 22 жастағы тұрғыны көз жұмған. Ол Аргентинаның туын иығына іліп алып, мотоциклмен көшеге шыққан. Кенет мотоциклден құлап кетіп, мойнына ту оратылып қалады. Мотоцикл сүйреп кеткен ол туға қылқынып қайтыс болған.  

Daily Mail агенттігінің жазуынша, Аргентинаның тағы бір жанкүйері 24 жастағы жігіт шатырдан құлап қаза тапқан. Сейсенбі күні Аргентинаның жеңісіне арналған парад кезінде қуанышы қойнына сыймаған жігіт ғимараттың шатырына өрмелеп, секіре бастаған. Оның салмағын көтермеген шатыр сынып, жерге құлаған жігіт тіл тартпастан оқиға орнында жантәсілім еткен.

Серіктес жаңалықтары