$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.12.2022, 13:37
Оқиғалар

Ақмола облысында ер адамнан аңшы мылтығы мен тапанша тәркіленді

Елорда аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өтті

Ақмола облысында ер адамнан аңшы мылтығы мен тапанша тәркіленді

Астана полицейлері заңсыз айналымнан тыйым салынған заттарды алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елорда аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Мақсаты – көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу.

“Құқықтық тәртіп” ЖААІШ өткізу барысында елордалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сағат 21:19-да Рахимов көшесінде 24 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Жеке тінту кезінде күртешесінің сол жақ қалтасынан салмағы 1,94 грамм ақ түсті зат тәркіленді.

Зерттеу актісіне сәйкес, тәркіленген есірткі заты мефедрон екендігі анықталды.

Сондай-ақ, ҰҚҚКБ полицейлері Ақмола облысының Бозтал ауылында 43 жастағы ер адамды анықтады. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында 12 калибрлі ТОЗ-34ЕР аңшылық мылтығы, осы калибрдің 76 патроны және 9 мм калибрлі патрондармен ату мүмкіндігі бар Стример 1014 травматикалық тапанша табылды.

Серіктес жаңалықтары