$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.12.2022, 12:40
Оқиғалар

Қарағандыда пандемия кезінде дәрігерлердің үстемеақысын жымқырған аурухана директоры сотталды

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ

Қарағандыда пандемия кезінде дәрігерлердің үстемеақысын жымқырған аурухана директоры сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысының Бұқар Жырау аудандық соты пандемия кезінде дәрігерлерге бөлінген үстемеақыны түрлі айла-амалмен қалтасына басқан екі күдіктіге үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhу.

Аурухана басшысы 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайласына қомақты айыппұл салынды.

«Сот Н.-ді өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айырды және жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде өтеуді тағайындады.

ҚР ҚК 367-бабы 2-бөлігі бойынша Б.-ның әрекетін ҚР ҚК 28-бабы 5-бөлігі, 190-баптың 3-бөлігі 2),3) тармақшасына қайта саралады.

Жасаған ісіне шын жүректен өкінуі, қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді ықпал етуі, қылмыстық құқық бұзушылықтың материалдық, қызметтік тәуелділікке байланысты жасауы Б. - ның әркетін жеңілдететін мән-жайлар деп танылды.

Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар Б.-ның әрекетінде анықталған жоқ.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот Б.-ға өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 3 750 000 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жазаны тағайындады, айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі 2 жыл болып белгіленді»,- делінген Қарағанды облысының Бұқар жырау аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары