$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.12.2022, 12:10
Оқиғалар

Алматыда көшеде қарақшылық шабуыл жасап жүрген күдікті ұсталды

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр

Алматыда көшеде қарақшылық шабуыл жасап жүрген күдікті ұсталды
Фото: iz.ru

Алматы полициясы көшеде қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 жастағы Е.есімді азамат Әуезов ауданының полиция қызметкерлерімен ұсталды.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен көп эпизодты қылмыстар жасаған адам ұсталды. Төле би даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында жас жігіт күш қолданып, қыз баладан IPhone телефонын ашық түрде ұрлап кеткен. Яғни, оның әрекетін ешкім бақылап тұрмағанына көз жеткізген қаскөй қыздың қасына жүгіріп келіп, соққы беріп, одан кейін оның қолынан телефонын тартып алған және қашып кеткен», - деп атап өтті Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Жәбірленуші полицияға жүгінген.

«Екі күннен кейін сол қиылыста күдікті тағы да шабуыл жасап, өтіп бара жатқан адамның телефонын тартып алған. Дәл сол кезде ол ұсталды», – деді Ұ. Әбілқайыр.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың жеке басы Алматы қаласында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары