Қызылордада екі күзетшінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Azattyq Rýhy

Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды

Қызылордада екі күзетшінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: ашық дереккөзден

Қызылордада екі күзетшінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды.

«12 желтоқсанда күзет кәсіпорнының екі қызметкерінің қаза болу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабымен «Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу» қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалды.

«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтерге сәйкес марқұмдар уланып, тұншығып қайтыс болған», - дейді полиция өкілдері.

Еске салсақ, Сырдария ауданы аумағында орналасқан Белқұдық Тұзкөл ұңғымасы No49 кен орнындағы тұрғын жайға арналған металл вагонда өрт шықпай, көміртегі газымен уланған екі адамның денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.