$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.12.2022, 13:12
Оқиғалар

Қостанай облысында жанармай құю станциясының қызметкері ұрлықты қолдан ұйымдастырған

Күдікті әйел ұсталып, тергеу амалдары басталды 

Қостанай облысында жанармай құю станциясының қызметкері ұрлықты қолдан ұйымдастырған
Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысы Жітіқара қаласындағы жанармай құю станциясының қызметкері 600 мың теңгеден астам қаржыны жымқырмақ болған. Бұл туралы Қостанай облыстық полиция басқармасының бастығы Ерлан Омарбеков Facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Полицейлердің мәліметінше, әйел белгісіз біреудің қорқытып, кассадан 600 000 теңге алып кеткенін айтқан. Кейінірек келіншек бұл қылмысты өзінің ақша жымқыру мақсатында ұйымдастырғанын мойындаған.

«Оқиға орнын тексеру және жанармай операторына сауалнама жүргізу кезінде полиция қызметкерлерінде берілген ақпараттың дұрыстығына күмән туындады. Жиналған дәлелдерге байланысты күдікті қыз өзіне ақша иемдену үшін қылмыс жасалғанын мойындады. Қомақты  қаражат қайтарылды. Қазіргі уақытта полиция "Жалған ақпарат тарату" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде»,- деп мәлімдеді Қостанай облыстық полиция басқармасының бастығы Ерлан Омарбеков.

Серіктес жаңалықтары