12.12.2022, 14:41
Оқиғалар
Оралда әйел адамды көлік қағып мерт қылды
Қайғылы оқиға бүгін аялдама маңында болған
Коллаж: Azattyq Ruhy
Оралда әйел адамды көлік қағып мерт қылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап
Облыстық полиция департаменті хабарлағандай, қайғылы оқиға бүгін, яғни 12 желтоқсанда «Белая казарма» аялдамасына жақын жерде болған.
«Әйел адам жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқанда Volkswagen Sharan көлігі қағып кеткен. 55-60 шамасындағы әйел оқиға орнында қаза тапты», - делінген хабарламада.
Жергілікті ПД мәліметінше, көлік жүргізуші 1985 жылғы екені белгілі болды.
Тәртіп сақшылары қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, аталған дерекке қатысты тергеп-тексеру жұмысы жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Көп оқылған
25.09.2026, 09:28
252 адам, 37 сүңгуір, 14 кеме мен 4 тікұшақ: Каспий түбіне кеткен екі сарбаз әлі табылған жоқ (ФОТО)
25.09.2026, 16:16
«Ұлым жағаға өзі жүзіп шыққан»: Каспийде тірі қалған тағы бір сарбаздың анасы сұхбат берді