$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.12.2022, 14:17
Оқиғалар

Астанада лифтіде дәрет сындырған жұмысшы қамауға алынды

Ер адам 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды

Астанада лифтіде дәрет сындырған жұмысшы қамауға алынды

Астанада лифтіде қажетін өтеген адам қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Instagram әлеуметтік желілері арқылы жолдаған алғыс хатында әйел өзінің қызметтік міндеттеріне деген адал қарым-қатынасы үшін учаскелік полиция инспекторлары Жұлдыз Михин мен Еркебұлан Молдашевқа үлкен құрмет пен алғыс білдіреді.

«Сағат 14.30 шамасында сол жағалаудағы жаңа тұрғын үй кешенінің тұрғындары мас адамның лифтіде мұқтаждығын орындап жатқанына куә болып, “102” арнасына қоңырау шалған. Оқиға орнына дереу полицейлер келіп, бұзақыны алып кеткен. Тәртіп бұзушы пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жасап жатқан жалдамалы жұмысшы болып шықты», - делінген хабарламада.

Қоғамдық тәртіпті бұзушыға қатысты полиция ҚР ӘҚБтК 434-бабы “Ұсақ бұзақылық” бойынша әкімшілік іс қозғады. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен ер адам 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, әкімшілік қамауға алынған адамдар үшін Арнайы қабылдау орнына орналастырылды.
 

Серіктес жаңалықтары