$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.11.2022, 16:41
Оқиғалар

Елордада жыл басынан бері куәлігі жоқ 755 жүргізуші ұсталған

Сондай-ақ жалған нөмір таққан 91, көлік басқару құқығынан айырылған 180 жүргізуші анықталды

Елордада жыл басынан бері куәлігі жоқ 755 жүргізуші ұсталған
Фото: ашық дереккөзден

Астанада көлік жүргізу құқығы жоқ әйел мас күйде рөлге отырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Қала тұрғыны таңертеңгі уақытта полицияға оның алдындағы Toyota Camry көлігін мас әйел айдап келе жатқанын айтқан. Тәртіп сақшылары дереу Тұран даңғылында көлікті тоқтатып, құжаттарды тексеру кезінде 29 жастағы әйелдің бұрын жолдың қарама-қарсы жолағына шыққаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылғанын анықтады.

«Медициналық куәландыруға сәйкес, ол жеңіл дәрежедегі мас күйінде көлік жүргізген. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабымен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде жүрген адамның көлік құралын басқару) қылмыстық іс қозғалды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

«Елордада көлік тәртібін арттыруда жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеудің автоматты жүйелері маңызды рөл атқарады. «Қорғау» мобильдік қосымшасын іске қосу басталғалы бері жалған нөмірлік белгілері бар 91 жүргізуші, куәлігі жоқ 755 жүргізуші және 180 көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші анықталды. Коммуналдық тұраққа 731 автокөлік қойылды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары