$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавлда  заңсыз айналымнан 800 литр алкоголь тәркіленді

Жиналған материалдар Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды

Петропавлда  заңсыз айналымнан 800 литр алкоголь тәркіленді

Петропавл қаласындағы гараж кооперативтерінің бірінен контрафакт өнімдерінің қоймасын анықтады. 740 литр спирт пен 50 литр коньяк құйылған, 158 бес литрлік ыдыс, сонымен қатар акциз маркасы жоқ 22 369 қорап темекі тәркіледі. Бұл ірі көлемге жатады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Гараждың иесі гаражының қандай мақсатта пайдаланылатынына еш күдіктенбестен жалға бергені белгілі болды. Тексеріс барысында заңсыз тауардың иесі анықталды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім шығару үшін Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды. 

«Масаң күйде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу – полицияның аса маңызды міндеттерінің бірі. Тәртіп сақшылары құрамында спирт бар өнімді заңсыз таратуға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізуде. Мысалға, Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласындағы гараж кооперативтерінің бірінен контрафакт өнімдерінің қоймасын анықтады», - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров. 

Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер 7 мың 900 литр контрафактілік алкоголь тәркіледі.

Серіктес жаңалықтары