Біреуі бала: БҚО-да соңғы үш күнде жол-көлік апатынан 3 адам қаза тапты

Azattyq Rýhy

Сондай-ақ 4 ересек пен мен 1 бала түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді

Біреуі бала: БҚО-да соңғы үш күнде жол-көлік апатынан 3 адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында соңғы үш күн ішінде 3 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 2 ересек адам мен 1 бала қаза тапты. Сондай-ақ 4 ересек пен мен 1 бала түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы жол-көлік апатының бірі 19 қарашада сағат 2:30 уақыт шамасында Самара-Шымкент тасжолындағы Алғабас ауылына жақын маңда болған.

«Тойота Альфард» маркалы автокөлігін тізгіндеген 1998 жылғы жүргізуші жол қауіпсіздігін сақтамай, 1961 ж жүргізушінің басқаруындағы «Мерседес Бенц» маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан «Тойота Альфард» маркалы автокөлігінің 1970 жылғы және 1978 жылғы жолаушылары оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ «Тайота Альфард» маркалы автокөлігінің 1998 жылғы жүргізушісі мен 1988, 2003 жылғы ересек жоалушылары және 2006 жылғы кәмелетке толмаған бала түрлі жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ 20 қарашада сағат 15:25 уақыт шамасында Шыңғырлау-Ақсай тасжолындағы 22 шақырымында Ащысай ауылына жақын тұста тағы бірт қайғылы жол апаты болған.

«Лада гранта» маркалы автокөлігін тізгіндеген 1988 жылғы жүргізуші рөлге ие бола алмай жол жиегіне аударылған. Апат салдарынан 2015 жылғы кәмелетке толмаған бала алған жарақатынан ауруханаға жетпестен көз жұмды», - дейді полиция өкілдері.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тағы бір жол-көлік апаты 20 қарашада сағат 13:00 уақыт шамасында Самара-Шымкент тасжолындағы Бекей ауылының жақын тұсында болған.

«Ниссан Максима» маркалы автокөлігін тізгіндеген 1994 жылғы жүргізуші жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 1962 жылғы жүргізушінің басқаруындағы «Мерседес» жүк көлігіне және қарама-қарсы бағытта келе жатқан 1984 жылғы жүргізушінің басқаруындағы «Вольво» жүк көлігіне соқтығысқан. Жол апатының салдарынан 1976 жылғы жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - дейді полицейлер.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345 бабы 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айтылып жатқан ескертулерге қарамастан, осындай жантүршігерлік жол апаты толастар емес.

БҚО ПД жол ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты асырмауды, жол ережелері талаптарына қатаң түрде бағыну қажеттігін ескертеді.

«Құрметті жүргізушілер, өзіңіздің және өзгенің өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыз!» - дейді ПД өкілдері.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.