$ 516.91  586.33  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.02.2020, 10:21
Оқиғалар

ШҚО-да молаға көр қазуға кеткен ер азамат жолда үсіп өлді

Бөкенші ауылының тұрғыны 7 ақпан күні із-түссіз жоғалып кеткен болатын

ШҚО-да молаға көр қазуға кеткен ер азамат жолда үсіп өлді
YK-News

Асхат Әлжановтың жоғалып кеткені туралы оның туыстары полицияға 10 ақпан күні хабарлаған. Бірнеше күн бойы жүргізілген іздеу жұмыстарының барысында ер адамның мәйіті табылды деп жазады YK-News.

Туыстарының айтуынша, Асхат 7 ақпан күні үйінен шығып кеткен. Ол молаға барып көр қазу жұмыстарына көмектеспек болған көрінеді. Алайда, мұнан кейін 1983 жылғы азаматты көрген-білгендер жоқ.

«14 ақпан күні жоғалған азаматтың денесі өз үйіне жақын жерден табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылықтың, азаптаудың белгілері жоқ. Алдын ала болжам бойынша, ер адам үсіп өлген. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр», - делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары