$ 510.06  566.32  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.02.2020, 10:13
Оқиғалар

«Қордай» бекетінен тұлғаларды, көлік және тауар өткізу бойынша шектеу қойылады

Жұмыс аяқталғанша мемлекеттік шекара арқылы тек Қазақстан және Қырғызстан азаматтары шағын жүкпен жаяу өте алады

«Қордай» бекетінен тұлғаларды, көлік және тауар өткізу бойынша шектеу қойылады
Фото: ашық дереккөзден

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мәліметі бойынша, 2020 жылғы 20 ақпанның сағат 00.00 бастап «Қордай» автомобильдік өткізу пунктінде қайта жаңарту жұмыстарының басталуына байланысты тұлғаларды, көлік құралдарын және тауарларды өткізу бойынша шектеулер енгізілуде. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Осыған орай, жаңарту жұмыстары аяқталғанша мемлекеттік шекара арқылы тек Қазақстан және Қырғызстан азаматтары шағын жүкпен (қол жүгімен) сағат 06.00-ден бастап 24.00-ге дейінгі аралықта жаяу тәртіппен өткізіледі.

Шетел азаматтарын, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу үшін қазақ-қырғыз шекарасындағы басқа өткізу пунктілерін пайдалану ұсынылады.

Халықаралық:

  • «Қарасу» автожолдық (Қазақстан Республикасы) – «Ақ-Тілек» автожолдық (Қырғыз Республикасы); «Сыпатай Батыр» автожолдық (Қазақстан Республикасы) - «Чалдыбар» автожолдық (Қырғыз Республикасы); «Айша-Бибі» - автожолдық (Қазақстан Республикасы) - «Чон-Капка» - автожолдық (Қырғыз Республикасы); «Кеген» автожолдық (Қазақстан Республикасы) - «Каркыра» автожолдық (Қырғыз Республикасы); «Мерке» темір жолдық (Қазақстан Республикасы) - «Каинды» темір жолдық (Қырғыз Республикасы);

Екі жақты:

  • «Сартөбе» автожолдық (Қазақстан Республикасы) – «Токмок» автожолдық (Қырғыз Республикасы); «Аухатты» автожолдық (Қазақстан Республикасы) - «Кен-Булун» автожолдық (Қырғыз Республикасы).
Серіктес жаңалықтары