16.11.2022, 14:35
Оқиғалар
Қорғаныс министрлігі желідегі әскери каскалар туралы видеоға пікір білдірді
Ведомство өкілдері әскери бас киімдердің өзіне тиесілі емес екенін айтты
Әлеуметтік желіде әскери каскалардың темір-терсек қабылдайтын орында үйіліп жатқаны туралы видео тарады. Аталған жайтқа қатысты Қорғаныс министрлігі түсінік берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бұл Шымкент. ҚР Қорғаныс министрлігі Отан қорғау игілігі үшін каскаларын металл қалдығын қабылдайтын жерге өткізіп жатыр», - дейді видеода сөйлеген ер адам.
Аталған жайтқа қатысты ведомство өкілдері пікір білдірді.
«Әлеуметтік желіде тараған видеодағы әскери каскалар Қорғаныс министрлігіне тиесілі емес. Ведомствода тексеріс жүргізілді. Қарулы күштердің әскери бөлімдерінде әскери мүлікті жымқыру және жоғалту фактілері орын алған жоқ», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді