19.02.2020, 03:39
Оқиғалар
СҚО-да полиция қызметкері асылып қалды
Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
15 ақпан күні Петропавлда жалдамалы пәтерде 29 жастағы полицей асылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі pkzsk.kz-ке сілтеме жасап.
«Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі бойынша инспектор Асқар Назыров өз-өзіне қол салды. Суицид жасау үшін ол облыс орталығынан пәтер жалға алған. Оның жасы 29-да еді», - деп жазылған басылымда.
СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады. Полицейдің өлім себебін арнайы тергеу анықтайды.
«Аталған факті ҚР ҚК 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу реестріне енгізілді. Сонымен қатар қызметтік тексеріс тағайындалды», - деді ПД өкілдері.
Қаза тапқан полицейдің әріптестерінің бірі оның басшылықпен араздасып қалғанын айтқан.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты