19.02.2020, 02:56
Оқиғалар
ШҚО-да он күн бұрын жоғалып кеткен тұрғынның денесі табылды
Ол қабір қазуға кетіп, үйіне оралмаған
Фото: ашық дереккөзден
Шығыс Қазақстан облысында он күн бұрын жоғалып кеткен тұрғынның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
Семейге қарайтын Бөкенші ауылының тұрғыны Асхат Әлжанов 7 ақпан күні қабір қазу үшін зират басына шыққан. Одан кейін хабар-ошарсыз жоғалған.
«1983 жылы туған ер азамат үйінің маңынан табылды. Денесінен зорлық-зомбылықтың белгілері байқалмайды. Сараптама тағайындалды. Істің мән-жайы жуық арада анықталады», – деп мәлімдеді Полиция департаментінің өкілдері.
Көп оқылған
03.11.2026, 09:00
Ақ халатты жандарға жұдырық ала жүгірген: Қазақстанда дәрігерді ұрғандар қанша жылға сотталды
03.11.2026, 17:36
Ақтөбеде неке қию залына келген әйел адамды бұрын бірге тұрған серігі өлтіріп кетті
03.11.2026, 14:33
«Мен сіздерді ақша жинауға мәжбүрледім бе?»: Алматы облысында жолға жауаптылар тағы да «футбол» ойнап жүр (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды