Иранда мыңнан астам наразылық білдірушіге сот үкім шығарды

Аягөз Құрмаш

Ирандағы наразылық әлі толастамай тұр

Иранда мыңнан астам наразылық білдірушіге сот үкім шығарды
Фото: REUTERS

Иранда мыңнан астам наразылық білдірушіге сот үкім шығарды. Бұл туралы Reuters агенттігі Иранның Сот билігінің ресми өкілі Масуд Сетайешиге сілтеме жасап хабарлады.

Ирандағы наразылықтар екі айға созылып жатыр. Олар 22 жастағы Махса Амини қайтыс болғаннан кейін басталды, оны хиджабты дұрыс кимегені үшін моральдық полиция ұрып тастаған еді.

Зардап шеккендердің нақты саны белгісіз. Қазан айының басында 60-қа жуық адам қайтыс болды, тағы 100-ге жуығы жарақат алды деп хабарланды. Иранның рухани жетекшісі Аятолла Хаменеи наразылықтарды АҚШ пен Израиль билігі жоспарлағанын мәлімдеді.

Айта кетейік, 6 қарашада 290 ирандық депутат наразылық білдірушілерді «Құдайдың жауы» деп атады. Парламентшілер сот билігін наразылық білдірушілерге мүмкіндігінше тезірек үкім шығаруға шақырды. Олар наразылық білдірушілерге «қанға қан» заңын қолдануды талап етті, ол әдетте қылмыстан зардап шеккен құрбандарының өтінішінен кейін ғана қолданылады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.