«Алматы-Термез» тас жолында бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болды
Оның ішінде полиция көлігі де бар
Қазығұрт АПБ-ға «Алматы – Термез» тас жолы Қазығұрт асуында жол апаты болғаны бойынша хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Анықталғандай, патрульдік полиция батальонының қызметкері терезесін күңгірттеп алған Mercedes-Benz Е-350 көлігін тексеру кезінде Шымкент бағытына қарай кетіп бара жатқан Лада 21015 автокөлігінің жүргізушісі абайсызда артынан келіп соққан.
Mercedes-Benz Е-350 көлігі өзінің алдында тұрған полицейдің Kіа Rіо қызметтік көлігіне соқтығысқан.
Осылайша, бірнеше көлікке материалдық шығын келтірілді. Адам шығыны жоқ. Жол апаты салдарынан Лада 21015 көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен орталық ауруханаға түсті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеуге алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.