Түркістан облысында бірнеше көлік бір-біріне соғылып, 3 адам зардап шекті
Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Түркістан облысында бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2 қарашада Қазығұрт АПБ-ға Алматы – Термез тасжолындағы Қазығұрт асуында жол апаты болғаны бойынша хабарлама келіп түсті.
Анықталғандай, патрульдік полиция батальонының қызметкері терезесін күңгірттеп алған Mercedes-Benz Е-350 көлігін Шымкент бағытына қарай кетіп бара жатқан Лада 21015 автокөлігінің жүргізушісі абайсызда келіп соққан.
«Mercedes-Benz Е-350 көлігі өзінің алдында тұрған полицейдің Kіа Rіо қызметтік көлігіне соқтығысқан. Осылайша бірнеше көлікке материалдық шығын келтірілді. Адам шығыны жоқ. Жол апаты салдарынан Лада 21015 көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен орталық ауруханаға түсті”, - делінген хабарламада.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша тіркеуге алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.