ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 999 адамнан коронавирус анықталды

Ақтөбе қаласында болған өрт 19 минут ішінде сөндірілді

Өрт облыс орталығында орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының бірінен шыққан

17 ақпан күні сағат 10:16-да Ақтөбе қаласының Сәнкібай батыр даңғылында орналасқан «АвтоТехСервис» техникалық қызмет көрсету станциясынан өрт шығып, облыстық Төтенше жағдайлар қызметіне хабарланған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Сағат 10:17-де ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №4, 1, 2, 3 өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 36 адам, 7 автокөлік (5 шақырым қашықтықта), №21, 22 өрт сөндіру-құтқару бекеттерінен 6 адам, 2 автокөлік, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 3 адам, 1 автокөлік жіберіліп, олар сағат 10:24-те оқиға орнына жетті. Тексеру барысында гараж ішіндегі автокөліктерге арналған бояу камералары өртеніп, ол басқа құрылыс материалдарына тиген. Сағат 10:28-де өрт жалынын басып, сағат 10:35-те сөндірілді. Өрт шыққан нысанның аумағы 40 шаршы метр», - делінген хабарламада.   

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында 54 өрт жағдайы тіркелді: оның ішінде 28-і тұрғын үй секторында, 14-і көлікте, 12-сі басқа да нысандарда.