$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.11.2022, 12:29
Оқиғалар

Түркістанда 8 тоннадан астам кір жуғыш затын заңсыз өндірген қылмыстық топ анықталды

Полицейлер жинақталған материалдарды шешім қабылдау үшін Экономикалық тергеу департаментіне жолдады

Түркістанда 8 тоннадан астам кір жуғыш затын заңсыз өндірген қылмыстық топ анықталды

Түркістанда 8 тоннадан астам кір жуғыш затын заңсыз өндірген қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан қаласында контрафактілік өнім дайындау жерасты цехын анықтап, оның қызметіне тосқауыл қойды.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 222-бабы 1-бөлігі (Тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, фирмалық атауын, географиялық көрсеткішін және тауар шығарылған жердің атауын заңсыз пайдалану) бойынша Түркістан ҚПБ-ға тіркеуге алынды.

Нәтижесінде полицейлер төрт ер азаматты анықтады. Оның бірі контрафактілік өнім дайындауды ұйымдастырушы, яғни Түркістан қаласының тұрғыны болса, қалған екеуі де Түркістан қаласының тұрғындары және бір Өзбекстан азаматы. Жедел уәкілдер аталмыш үйдің ауласын тінту кезінде 40 келі қаптарға оралған ұнтақ затты тапты, олардың саны шамамен 200 дана болған.

Сонымен қатар электронды таразылар, тығыздағыш машиналар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұнтақты заттың жалпы салмағы сегіз тоннадан асты. Аталған ер азаматтар қаптағы ұнтақтарды полиэтилен пакеттерге шамалап салып, яғни “Ariel”, “Миф”, “Tide” және “Persil” сияқты кір жуғыш заттардың белгілі брендтерін қолдан жасаған. Полицейлер жинақталған материалдарды шешім қабылдау үшін Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолдады.

Серіктес жаңалықтары