17.02.2020, 09:41
Оқиғалар
Петропавлда көпқабатты үй өртеніп, зейнеткер қаза тапты
Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз
Петропавлда вокзал маңындағы 9 қабатты үйлердің бірі өртеніп, оқиға орнынан 84 жастағы зейнеткердің мүрдесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Кошуков көшесіндегі 7 үйдің 2-ші подъезі отқа оранған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде пәтерлердің бірінде жиһаз бен үйдегі заттар жанып жатқан. Подъезден барлығы 8 адам эвакуацияланған. Оның екеуі бала. Өртті сөндіру кезінде 1936 жылы туған зейнеткердің мүрдесі табылды.

Қызыл жалынды ауыздықтау жұмыстарына төтенше жағдай қызметінің жеке құрамынан 20 адам мен 6 техника жұмылдырылған. Өрттің жалпы аумағы 18 шаршы метр. Келтірілген шығын көлемі есептелуде. Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді