$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.10.2022, 16:56
Оқиғалар

Ақтөбе облысында полиция қоқысқа тасталған өлі шақалақтың анасын тапты

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр

Ақтөбе облысында полиция қоқысқа тасталған өлі шақалақтың анасын тапты
Фото: komi-news.ru

Ақтөбе облысында екі күн бұрын полигоннан табылған жаңа туған нәрестенің анасы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«23 қазанда Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы маңындағы Рождество – Донское тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонынан жаңа туған баланың мәйіті табылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 1995 жылғы әйелді анықтады. Әйелдің айтуынша, ол өлі баланы үйінде босанып, қорқып, қоқыс жәшігіне апарып тастаған», – деді Ақтөбе облысының полиция департаментіндегілер.

Қазір бұл жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабымен ( "Жаңа туған баланы анасының өлтiруi") сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске салайық, 24 қазанда Ақтөбе облысындағы қоқыс полигонында қара полиэтилен пакетке салынған жаңа туған нәрестенің мәйіті табылып, қылмыстық іс қозғалды.

Серіктес жаңалықтары