$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.02.2020, 13:22
Оқиғалар

Ақтауда жол апатынан үш адам зардап шекті

Олардың біреуі - алты жасар бала

Ақтауда жол апатынан үш адам зардап шекті
Фото: tumba.kz

Ақтауда екі көлік соқтығысып, жол апатынан алты жасар бала мен екі ересек адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі tumba.kz-ке сілтеме жасап.

«Сағат 20:32-де жедел жәрдем қызметіне шақырту келіп түсті. Оқиға орнына екі бригада жеберілді. Жол апатынан үш адам зардап шеккен. Олардың бірі - алты жасар бала», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Басқарма өкілдерінің хабарлауынша, алты жасар бала көпбейінді ауруханаға, 66 жастағы әйел облыстық ауруханаға жеткізілді. 

«Жол апатынан 32 жастағы ер адам да зардап шеккен. Ауыр жарақат алған ол Маңғыстау облыстық ауруханасының реанимация бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оның мас болғанын анықтады», - дейді басқарма өкілдері. 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ақтау #жол апаты