Түркістан облысында екі жасар бала өз үйінің ауласында жаңбыр суына батып кетті
2020 жылғы бала ересектердің қарауынсыз қалған
Түркістан облысында екі жасар бала өз үйінің ауласында жаңбыр суына батып қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін, яғни 26 қазанда сағат 01.00-ден 6.00-ге дейін Түркістан облысында үздіксіз жауын-шашын салдарынан 3 ауданда (Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш) жеке тұрғын үйді, 21 аула аумағын су басты және 13 ірі қара мал қырылды.
«Жағдай Түркістан облысы әкімдігі мен ТЖ департаментінің бақылауында. Тиісті күштер мен құралдар құрылды. Қазіргі уақытта Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары мен Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен су айдау жұмыстары жүргізілуде», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Сонымен қатар, жауын салдарынан қараусыз қалған бала қайтыс болған.
«Қазығұрт ауылында сағат 9.30 шамасында 2020 жылғы бала өз үйінің ауласында ересектердің қарауынсыз ойнап жүріп, үйдің аумағындағы жаңбыр суына толған шұңқырға құлап, батып кетті», - делінген хабарламада.
ТЖМ су тасқыны кезіндегі жүріс-тұрыс ережелерін еске салып, оларды ұстануды ескертеді.
«Қажетті құжаттарды, құндылықтарды, дәрі-дәрмектерді, азық-түлік және басқа да қажетті заттарды тез жинау қажет. Балаларға, мүгедектерге және қарт адамдарға көмек көрсетіңіз. Оларды бірінші кезекте эвакуациялау қажет. Мүмкіндігінше су тасқыны аймағынан дереу кету керек. Үйден шықпас бұрын электр және газбен жабдықтауды өшіріп, пештердегі отты сөндіріңіз. Терезелер мен есіктерді жабыңыз. Малды босатыңыз. Жоғарғы қабаттарға көтеріліңіз. Су астында қалсаңыз ауыр киім мен аяқ киімді шешіп алыңыз, көмек келгенге дейін қолдануға болатын заттарды тауып алыңыз. Су азайғаннан кейін үзілген және салбыраған электр сымдарынан сақ болыңыз. Суға түскен азық-түлікті пайдалануға және тиісті санитарлық тексерусіз суды пайдалануға қатаң тыйым салынады. Тұрғын үйге кірер алдында су азайғаннан кейін сақтық шараларын сақтаңыз: бөлмені желдету үшін есіктер мен терезелерді алдын ала ашыңыз, желдету алдында ашық отты пайдаланбаңыз (газдардың жарылғыш өрт қауіпті концентрациясы болуы мүмкін), электр желілерінің жарамдылығын тексермес бұрын жарықтандыру және басқа да электр құрылғыларын қосуға тыйым салынады”, - дейді ТЖМ өкілдері.