$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.02.2020, 03:27
Оқиғалар

Оралда оқушы қызға тиіскен ер адам бостандықта жүр (видео)

Қызды үйіне дейін аңдып келген ер адам оңашада ерсі қылықтар көрсеткен

Оралда оқушы қызға тиіскен ер адам бостандықта жүр (видео)

Оралда жасөспірімге тиісті деген күдікке іліккен ер адам бостандыққа жүр. Қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде 53 жастағы ер адам мектеп оқушысына қол жүгіртіп, тиіспек болған. Артынан үйге дейін аңдып бірге кірген тұрғынның ерсі қылық көрсеткенін жәбірленуші қыз бала полицейге айтып беріпті. 16 жастағы оқушы қызға тиіскен күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Ер адамның қызды қалай аңдып үйге кіргені көпқабатты үйлердің бірінің ауласына орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Белгісіз ер адам қолындағы затын, есіктің алдына тастап, үйге оқушымен бірге кіреді. Оңаша сәтті пайдаланған ол жасөспірімнің денесіне қол жүгіртіп, тиісе бастапты. 16 жастағы қыз қарсылық көрсеткен соң, ізін суытыпты. Осы кезде үйінен шыққан полицей кіреберісте жылап тұрған қызды байқаған. Қорғансыз жасөспірімнен оқиғаның мән-жайына қаныққан соң ол дереу күдіктіні іздеуге кіріскен. Полицей күдіктіні он минуттың ішінде қолға түсіріпті.  

«Мен ол кісінің алдынан шықтым. Өйткені, киім үлгісі, түр-әлпеті қыз сипаттаған адамға келіп тұр. Сол жерден ұстап алдым да, оған мән-жайды түсіндіріп, оқиға орнына алып келдім. Сол кезде жәбірленушіні кәмелетке толмаған қыз бала ол кісіні бірден таныды», – деді БҚО ПД ЖПҚ Патрульдік полиция батальоны бастығының міндетін атқарушы Артур ҚҰДЫСОВ.

Полиция қызметкері күдіктінің өзіне қарсылық көрсетпегенін айтты. Анықтай келгенде, 53 жастағы оралдықтың ішімдік ішкені мәлім болған.

«Ұсталған азамат шақырту бойынша келген жедел тексеру тобының қызметкерлеріне тапсырылды. Жәбірленуші қыз күдікті азаматты бірден таныды. Аталмыш оқиға ҚР ҚК бұзақылық фактісі бойынша тіркеуге алынып, тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Оқиғаның басқа да мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады», – деді БҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің қызметкері Асылай ҒҰБАШЕВА.

Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың бұрын-соңды істі болмағанын ескерген. Әйелі жоқ, ересек ұлы барын анықтапты. Қазір күдіктіні ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне босатып жіберіпті.

Полиция осы оқиғаға байланысты бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол бапта жазықтыға бірнеше жаза түрі қарастырылған. Яғни, күдіктінің кінәсі дәлелденсе, 5 миллион теңге айыппұл салынады немесе 600 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады, болмаса 2 жылға сотталуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары