05.10.2022, 14:09
Оқиғалар
Павлодарда таксиге отырып кеткен жігіт табылмай жатыр
4 қазан күні такси шақырып кетіп қалған жігіт, содан бері үйіне келмеген
Павлодарда таксиге отырып кеткен жігіт табылмай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Айдан Сатканов 4 қазан күні үйінен inDriver арқылы такси шақырып кетіп қалған. «Vita» еріктілерінің мәліметінше, содан бері үйіне оралмаған.
«Белгілері: бойы - 178 см, көздері қоңыр, шашы қара, арықша келген. Қара куртка мен көк түсті джинсы шалбарда болған», - деп жазылған хабарламада.
Қандай да бір ақпарат болса, 8(747) 615 55 63 (Катерина), 9(777) 334 82 01 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.

Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды
27.09.2026, 14:17
Теңізде отырған ана туралы видео Каспийде түсірілмеген