$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.02.2020, 09:57
Оқиғалар

Mega Silk Way-де айналасындағыларды пышақпен қорқытқан Түркия азаматы еліне қайтарылуы мүмкін

Қалалық полиция қауіпті азаматтың қолынан суық қаруды тартып алғандарға алғыс білдірді

12 ақпан күні сағат 18:28-де Нұр-Сұлтан қаласының ПД жедел басқару орталығына Mega Silk Way ойын-сауық орталығында 1985 жылы дүниеге келген Түркия азаматының алкогольге мас болып, өзін пышақпен жарақаттамақ болғаны жайлы хабарлама жеткен. Оқиғаның қалай болғаны жайлы видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Бұл туралы polisia.kz хабарлайды.

Алайда, белгісіз біреулер оның қолындағы пышақты тартып алып, айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен. Сондай-ақ қоғамдық орында құқық бұзған азаматқа медициналық көмек көрсетілген.

Қазіргі уақытта ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартылып, оны елден шығару мәселесі қаралып жатыр. Есіл ауданының полиция бөлімі қауіпті азаматтың қолынан суық қаруды тартып алып, айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жандарға алғыс білдірді.

Бұл туралы Mega Silk Way сауда және ойын-сауық орталығынның баспасөз қызметі де түсіндіріп өтті.

«12 ақпан күні сағат 18:22-де Mega Silk Way ойын-сауық орталығынның бақылау пунктіне «Viva» сән салонында (орталықтағы салон – ред.) ас үй пышағын ұстаған мас күйдегі ер адамның өзін-өзі жарақаттамақ болғаны жайлы хабар жеткен. Ол «Viva» сән салонының бұрынғы қызметкері, 1985 жылы дүниеге келген Түркия азаматы Сахин Ерсин екені анықталды», - деп хабарлайды.

Оқиға орнына орталықтың қауіпсіздік жөніндегі шұғыл әрекет ету тобы барып, ер адамның қолынан пышақты тартып алған.

Серіктес жаңалықтары