30.09.2022, 16:56
Оқиғалар
Қызылорда облысында қонақүй иесін өлтіріп кеткен күдікті қолға түсті
Одан заттай айғақтар тәркіленді
Фото: polisia.kz
Қызылорда облысындағы ауылдардың бірінде учаскелік полиция инспекторлары қонақүй иесін өлтіру дерегін ашты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 қыркүйекте Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөліміне ауылдағы қонақүйлердің бірінен дене жарақаты салынған әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.
«Кісі өлтірді деген күдікпен облыстың 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Одан заттай айғақтар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, тиісті сараптамалар тағайындады
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
