Павлодарда көлік қағып кеткен зейнеткер оқиға орнында көз жұмды
Жол-көлік оқиғасы Торайғыров көшесінде болды

Павлодарда көлік қағып кеткен зейнеткер оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған.
«Сағат 21:00-де «Мазда» маркалы автокөлігін басқарған жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ол жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды», - деді департаментте.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіледі. Сараптама тағайындалды.
Облыстық жедел жәрдем станциясына қоңырау 20:47-де түскен, медициналық бригада бес минуттан кейін оқиға орнында болды.
70 жастағы ер адам ауыр жарақат алған.