$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.09.2022, 16:48
Оқиғалар

Денесі екіге бөлініп кеткен: Оралда тепловоз оқушы қызды қағып өлтірді

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Денесі екіге бөлініп кеткен: Оралда тепловоз оқушы қызды қағып өлтірді
© Pixabay

Оралда рұқсат етілмеген жерден теміржолды кесіп өтпек болған оқушы қызды тепловоз басып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі Экспресс К басылымына сілтеме жасап.

Қалалық полиция басқармасының желілік бөлімі мәлім еткендей, тепловоз рұқсат етілген жылдамдықтан біршама төмен, яғни сағатына 50-55 шақырым жылдамдықпен келе жатқан.

Машинист 100 метр қашықтыққа жақындағанда теміржолдан қауіпсіз қашықта тұрған қыз баланы көріп, алдын ала ескерту дабылын қосады. Алайда қыз кенеттен рельске жүгіріп шығады.  Жүргізуші шұғыл тежегішті басқанымен, жылдамдығын азайтып үлгермеген.

«Жасөспірім қыздың денесі белінен екіге бөлініп кеткен. Медициналық сараптама машинистің ішімдік ішпегенін көрсетті. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Орал қалалық ПБ желілік бөлімінен.

Серіктес жаңалықтары