09.09.2022, 10:40
Оқиғалар
Атырауда жезөкшелікпен айналысқан 15 әйел ұсталды
Олар республика көлемінде өткізіліп жатқан «STOP-Трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ұсталды
Фото: ашық дереккөзден
Атырауда жезөкшелікпен айналысқан 15 әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі ATPress.kz-ке сілтеме жасап.
Жезөкшелер қаладағы Стройконтора және Восток шағынаудандарындағы тұрғын үйлерден ұсталды. Бұл республика көлемінде өткізіліп жатқан «STOP-Трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында жүзеге асты.
Іс-шара барысында интим массажымен айналысатын екі қызметкер анықталып, 15 жеңіл жүрісті азаматша есепке қойылды.
Қазіргі таңда притондар анықталған пәтер иелеріне қатысты жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 450 бабына сәйкес іс-құжаттар жинақталып жатыр.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)